сенбі, 28 қыркүйек, 2024 22:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент вакцинанация паспортын қолдан жасағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Президент вакцинанация паспортын қолдан жасағандарды қатаң жазалауды тапсырды
ашық дереккөзі
Президент вакцинанация паспортын қолдан жасағандарды қатаң жазалауды тапсырды
Иммундау процесін жалған паспорттар тежеп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жұмыс кеңесінде осылай мәлім етті. Вакцина алуды мәжбүрлеу шараларына бармаймыз – Мемлекет басшысы Әкімдердің көбі пандемия сынағын «үшке» тапсырды – Қасым-Жомарт Тоқаев Президент: Адам өмірін сақтаудың бір ғана жолы - жаппай вакцинация Мемлекет басшысы елордадағы эпидемиологиялық жағдайға алаңдаушылық білдірді «Иммундау процесін тежейтін тағы бір өзекті мәселе – жалған вакцинация паспорты. Бұл жағымсыз құбылыстың таралуымен байланысты кез келген әрекетті тез арада тоқтату маңызды. Жұмыс басталды, оны жалғастыру керек», - деген Президент Ішкі істер министрлігі жанынан қоғам өкілдері мен халықтан ақпарат алып, өңдейтін ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырды. «Вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасауға жол берген адамдарға қатаң жаза қолдануды тапсырамын. Мен бұл мәселені кеңейтілген отырыста көтердім. Әңгіме елдің ұлттық қауіпсіздігі туралы болып отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізіп жатыр.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар