....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 3:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Президенті кәсіпкерлікті қолдау шараларын қолға алған

Президенті кәсіпкерлікті қолдау шараларын қолға алған
ашық дереккөзі
Президенті кәсіпкерлікті қолдау шараларын қолға алған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған әр Жолдауында кәсіпкерлік саласын назардан тыс қалдырмай, оған кеңінен бет бұру қажеттігін айтып келеді. Ел Президенті кәсіпкерлікті қолдау шараларын да мықтап қолға алғанын айта кету керек. Елімізде бүгінде кәсіпкерлерді қолдау шаралары ұйымдастырылып, түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Ал, біздің облыста Президент тапсырмасы қай деңгейде орындалуда? Кәсіпкерлер қатары қаншалықты өсті? Міне, осы және өзге де сұрақтар бойынша жауап іздеп көрген едік.

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың сөзіне сүйенсек, өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өскен. Осы жылдың тамыз айына жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 107 717-ні құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 35,4 пайызға өскен.

Өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік иелерінің 40 пайызын іскер әйелдер құрап отыр. Ал, осы орта кәсіпкерлік нысандарында жұмыспен қамтылғандардың саны 48 мың адамға тең. Бұл жалпы жұмыспен қамтылғандардың 30 пайызын құрайды.

Облыстағы қаржы институттарымен биылғы жылдың жеті айында несие сомасы 92,9 миллиард теңгені құрайтын барлығы 27 004 кәсіпкерге несие беріліп, оның 49 пайызын, яғни 13 245- ін әйел кәсіпкерлер алып отырғанын айтқанымыз жөн.

Қаражаттың 56,1 миллиард теңгесі екінші деңгейлі банктер арқылы, атап айтқанда 13,6 миллиард теңгесі «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниялары арқылы, 20,5 миллиард теңгесі микроқаржы ұйымдары арқылы, 2,8 миллиард теңгесі «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы несиелендірілген.

Биыл жеті айдың қорытындысы бойынша облыстағы нәзік жанды кәсіпкерлерге «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары шеңберінде барлығы 7,9 миллиард теңгені құрайтын 451 әйел кәсіпкерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген.

Оның ішінде, әйел кәсіпкерлер басқаратын микрокәсіпорындар 5221,1 миллион теңгеге 168 кәсіпкерге, шағын кәсіпорындар 2140,5 миллион теңгеге 280 кәсіпкерге, орта кәсіпорындар 550,0 миллион теңгеге үш кәсіпкерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар