бейсенбі, 1 мамыр, 2025 3:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Qazaq Travel» ісі: Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық бабымен күдікті ретінде танылды

«Qazaq Travel» ісі: Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық бабымен күдікті ретінде танылды
Видеодан кадр: КТК телернасы
Бұған қажылыққа ұша алмаған туристердің шағымы себеп болған

Алматыда айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлы Данияр Имашевтің үстінен алаяқтық бабы бойынша іс қозғалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  ktk.kz сілтеме жасап.

Осы сәтте қасиетті мекенде жүруі тиіс болған туристер қазір полиция басқармасын айналшықтап жүр. Себебі, жолдама сатқан Qazaq travel компаниясы 50-ден аса адамды жолдан қалдырған әрі бұл туралы рейске бір күн қалғанда ғана мәлімдепті.
 

Тоғызы күні ұшатын рейсімізде еш адам ұшқан жоқ. Не халыққа шығып үндеу айтқан жоқ. Билеттің бағасы өсіп кетті-ау, осындай болып қалды-ау деген үндеу болған жоқ. Бізге ешқандай дәлел жібермеді. Билет төленді деп те көрсеткен жоқ. Отельге ақша төленді дегенді де көрсеткен жоқ, -  деді алаяқтарға алданған, Медина Жарылғапова

рқайсысы жолдамаға шамамен 500 мың теңгеден төлеген. Ал құлшылық жасауға асыққан туристерді сан соқтырған компанияның директоры танымал айтыскердің ұлы болып шықты.
Қасиетті мекенге жете алмағандар қазір бірінен соң бірі полицияға шағым түсіріп жатыр. Ал атышулы компанияның кеңсесі жабық тұр. Ішінде тірі жан жоқ.

Десе де «алдандық» деген жұрт бұлардың әлеуметтік желілерде әлі де қажылық турын сатып жатқанын айтып отыр. Осы мәселе бойынша полиция алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғаған. Үш күдікті тергеуге алынды.

Олардың қатарында Данияр Имашев та бар. Жұрттың қажылықтан қалу себебін сұрағанымызда, ол бүгін үнсіз қалды. Есесіне, туындаған қиындықтың себебін оның әкесі түсіндіріп берген. Балғынбек Имашев әуе билеттерінің де, қонақүй бағасының да қымбаттап кеткенін айтады әрі мұнда ешқандай алаяқтық жоқ деп сендіріпті.

 

Көп адамдар акциямен алған. Арзан бағада алды. Қазір баға қымбаттап жатыр. Қымбат билет алынып жатыр. Ұшақ бағасы, қонақ үй қымбат болып жатыр. Сол себепті құрылтайшылар өз қалтасынан қосып, қаржы салып, қызметте болуға талпынып жатыр, - дейді  айтыскер ақын: —Балғынбек Имашев
 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар