сенбі, 28 қыркүйек, 2024 22:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚР Парламентінің Сенат депутаты жұмыс сапарымен Талас ауданында болды

ҚР Парламентінің Сенат депутаты жұмыс сапарымен Талас ауданында болды
ашық дереккөзі
ҚР Парламентінің Сенат депутаты жұмыс сапарымен Талас ауданында болды
 width=ҚР Парламентінің Сенат депутаты Бекболат Орынбеков жұмыс сапарымен Жамбыл облысы Талас ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Бекболат Серікбекұлы мектеп директорларына алдағы оқу жылын дәстүрлі оқу жүйесіне дайын болу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, мектептердегі қысқы жылыту маусымына дайындық жайын пысықтады. Халық қалаулысына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстарымен таныстырған ауыл әкімі Жандос Ратов Ақкөл каналындағы науалардың қалпына келтіріліп жатқандығын және 19 көшеде жөндеу жұмыстары басталғанын атап өтті. Аудандағы қарқынды құрылыс та Сенат депутатының назарынан тыс қалмады. Қазіргі таңда жаңғыртудан өткізіліп жатқан, Қаратау қаласындағы 3 мөлтек ауданында орналасқан №17 үйдің құрылыс жұмыстарын көрген Сенат депутаты тындырымды тірлікке оң бағасын берді. Мердігер компанияға жөндеу жұмыстарының сапалы болуын тапсырды. Құрылыс барысынан соң ол «Игілік» көпсалалы кәсіпорнындағы қазандық жұмысымен танысып шықты. «Игілік» кәсіпорнының директоры Рашид Сейдалиев су және жылу энергиясының бағасын төмендететін жаңа жоба туралы баяндады. Өндірілетін су және жылу энергиясының бағасын тұрақты ету үшін орталық қазандық аумағына TEDOM CENTO 530 когенерация құрылғысын орнату бойынша пилоттық жоба жасалды. Бір модульді орнатуға кететін номиналды газ шығыны 138 сағ/м³ құрайды.
 Бұл пилоттық жоба жергілікті атқарушы органдардың келісімімен және Жамбыл облысы әкімдігінің тікелей бақылауымен жасалды. Когенерациялық құрылғының ұтымды тұстары көп және құрылғы электр энергиясын аз жаратады. Кәсіпорын директоры жобаны іске асыру үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ газ тарату желілеріне техникалық шарттарды беруге өтінім жасалғандығын тілге тиек етті. Жұмыс сапарының соңында Бекболат Серікбекұлы аудандық орталық ауруханаға арнайы келді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар