Ресейдің үш облысында қазақ тілінде оқытатын мектептер ашылады
- авторjambylinfo.kz
- 8 қараша, 2024
- 1120

Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Лавровтың айтуынша, қазақ мектептері Орынбор, Омбы және Астраханьда ашылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мәдениетінің ошақтарын құруға қатысты мәселелерді қозғаған болатын. Осы тұрғыда бүгін Қазақстанда орыс тілінде білім беру қызметтерін ұсынатын 3 бірлескен мектеп құру талқыланды. Қазақстандық әріптестеріміз Орынбор, Омбы және Астраханьда қазақ тілінде оқытатын осындай бірлескен мектептерге қызығушылық танытып отыр, – деп атап өтті Лавров бүгін Астанада өткен брифингте.
Айта кетейік, бүгінде Ресей Федерациясында 591 мыңнан аса қазақ тұрады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жекеменшік мектеп жабылып, 250 оқушы құжатсыз қалды
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда қала күнінде 69 сәби және үшем дүниеге келді
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 қыркүйек, 2025