Жаңалықтар
Ресейдің Тверь облысы аумағында үш қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
- авторjambylinfo.kz
- 27 сәуір, 2021
- 164
Ресейдің Тверь облысы аумағында үш қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Ресейдің Тверь облысы Ржев ауданы аумағында жүргізілген халықаралық экспедиция барысында «Пионер» іздеу тобы соғыс жылдары қайтыс болған қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін тапты. Бұл туралы топ жетекшісі Михаил Богдановтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Қазіргі уақытта ақмолалық Зейнолла Мақаев, Камен Жұманов және Қарағанды облысының тумасы Жағыпар Оразбаевтың есімдері жазылған медальон табылды.
Топ жетекшісі Михаил Богдановтың айтуынша, Ржев ауданының жерінде сол қорқынышты уақыттың көптеген «айғақтары» - жауынгерлердің, оқтардың, снарядтардың қалдықтарын кездестіруге болады.
«Асықпай жерді қуыс бұрғымен тексеріп жүрген едім. Еңкейе бергенімде жер бетінде өлім медалінің бакелиттік қарындаш капсуланы байқап қалдым. Мұндай жағдайлар жиі болып тұрады, бірақ менің тәжірибемде бірінші рет. Капсуланың қақпағын бұрап ашып едім, ішінде жазбасы жақсы күйде сақталыпты», - деп бөлісті топ жетекшісі әлеуметтік желіде.
Белгілі болғандай, ол капсула жауынгер Зайнулла Макаевка тиесілі екен.
«1922 жылы туған, қызыл әскер-114-ші жеке атқыштар бригадасының атқышы, заградотряд (2-ші взвод), жауынгердің мекен - жайы (отбасының мекен - жайы): Қазақ КСР, Ақмола облысы, Ақмола қаласы, Тельман көшесі, 41-үй, анасы-Бәтима Мәмірова», - делінген қысқа жазбада.
Белгілі болғандай, қызыл әскер жауынгері 11.08.42 жылы «Бельково-Свинино» тірек пункті үшін шайқаста қаза тапқан.
Ақмола облысының тағы бір жауынгері Кәмен Жұманов 1941 жылы Қорғалжын ауданының Киров атындағы кеңшардан Қызыл Армия қатарына шақырылған. Осы уақытқа дейін ол хабар-ошарсыз кеткен деп саналды. Қазіргі уақытта оның ұрпақтары Қорғалжын ауданында тұрып жатыр. Жергілікті журналистер Камен Жұмановтың қызы Мәдениет апайды іздеп тапты. Жасы 83-тегі кейуананың айтуынша, ол әкесі майданға кеткен кезде үш жаста болған. Оның қолында қазір әкесінің соғысқа дейінгі фотосуреті ғана сақталған. Мәдениет апайға әкесінің ұрыс даласында жараланып, талдың түбінде қалғаны туралы майдангер жолдастары айтқан. Бұдан өзге ақпарат жоқ.
Батырдың жалғыз қызы әкесі қайтыс болған Ресейдің Ржев ауданына баруды, сондай-ақ әкесінің сүйегін туған жеріне әкеліп жерлеуді жоспарлап отыр. Осы ретте, Қорғалжын ауданының әкімдігі де батырды туған жеріне жерлеуге көмектесетіндіктерін айтуда.
Айта кетейік, Қорғалжын ауданынан майданға екі мыңға жуық сарбаз аттанды. Олардың ішінде тек 600 жауынгер ғана үйіне оралды. Соңғы майдангер 2015 жылы өмірден өткен.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024