Жаңалықтар
Республикалық бюджет кірісі 2023 жылы 3 трлн теңгеге ұлғаяды – Премьер-Министр
- авторjambylinfo.kz
- 27 тамыз, 2022
- 214
Республикалық бюджет кірісі 2023 жылы 3 трлн теңгеге ұлғаяды – Премьер-Министр
2023-2025 жылдары жалпы ішкі өнімнің өсімі 4-4,1 пайыз деңгейінде болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.
«Үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы, ең алдымен, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық және уақтылы орындауға, сондай-ақ ағымдағы жағдайда экономиканы сапалы және орнықты дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған. 2023-2025-ші жылдары жалпы ішкі өнімнің өсімі 4 - 4,1 пайыз деңгейінде болады деп болжанып отыр. Инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2025-ші жылға қарай 3-4 пайызға дейін төмендейді деп жоспарланып отыр», - деді Ә. Смайылов.
Оның айтуынша, Республикалық бюджет кірістері 2023 жылы 3 трлн теңгеге немесе биылға қарағанда 27 пайызға ұлғаяды.
«Осылайша, республикалық бюджет кірістерінің жоғары деңгейде өсу қарқынын қамтамасыз етіп отырмыз», - деді Үкімет басшысы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстан мен Вьетнам арасында ұшақ қатынайтын болды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні Светлана Назарбаева қайтыс болды
- авторjambylinfo.kz
- 22 қазан, 2024