жексенбі, 3 қараша, 2024 8:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Республикалық референдум: Жамбыл облысында барлық сайлау учаскелері жұмысын бастады

Республикалық референдум: Жамбыл облысында барлық сайлау учаскелері жұмысын бастады
Сурет: Jambylinfo.kz
Жамбылдықтардың белсенділігі жоғары

Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумға жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-де дауыс беру басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Облыстық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес, өңірде 508 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде дауыс беру құқығына ие жамбылдық саны - 717 039 құрап отыр. 

Тараз қаласындағы сайлау учаскелерде халық көп жиналған. 

Солардың ішінде бірінші болып №28  сайлау учаскесіне дауыс беруге келген қала тұрғындары Анар Тілепова мен Жамбыл атындағы №5 мектеп - гимназиясына орналасқан №35
сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасаған Айдарбек Айманбетов бар. 

Таңмен таласа сайлау учаскесіне келген азаматтар еліміз үшін маңызды күнде ел болашағына бей-жай қарамайтындықтарын жеткізді. 

«Біздің жасаған таңдауымыз Қазақстанның болашағы үшін өте маңызды. Сондықтан мен ұлт пен ұрпақ болашағы үшін Президент бастамасын қолдап дауыс бердім», дейді  
Анар Тілепова. 

Өз кезегінде  № 28, №36 дауыс беру  учаскелері алғаш болып дауыс берген тұрғындарға арнайы сыйлық табыстады.

Айта кетейік, қызметін таңертең сағат 07:00-де бастаған сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар