Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері 10 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 42 адамды сыртқа шығарған деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"ТЖМ қызметкерлері келген сәтте 3-қабаттағы кіреберіс қызыл жалынға оранғаны, ал оттың пәтерге өте бастағаны анықталды. Өрт сөндірушілер автосатымен 10 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 42 адамды, оның ішінде 14 баланы эвакуациялады. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Медициналық көмекке 10 адам, оның ішінде 7 бала жүгінді. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне қайтты",-делінген ведомствоның хабарламасында.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз