сейсенбі, 15 шілде, 2025 21:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Руслан Берденов қызметінен кетті

Руслан Берденов қызметінен кетті
Фото: gov.kz
Берденовтің айтуынша, бұл шешім саналы түрде және өзіне қатысты бірқатар объективті себепке байланысты қабылданған.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов Respublica партиясының тең төрағасы қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Біріншіден, белгілі болғандай, қазіргі уақытта мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келемін. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметті саяси партиядағы жетекшілік қызметпен қатар алып жүруге жол берілмейді. Мен заң талаптарын құрметтеймін және оны қатаң сақтаймын.

Екіншіден, партияның ішкі қағидаттарына сәйкес, партия мүшелері мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқара алмайды. Біз саяси үдерістерге қатысу партия ішіндегі билік құрылымымен араласпауы тиіс деп санаймыз.

Үшіншіден, қазіргі таңда денсаулығымды қалпына келтіруге баса назар аударып жүрмін. Мен әрдайым жұмысыма жоғары жауапкершілікпен қарап келдім, бұдан кейін де мемлекеттік қызметтегі лауазымымды өз деңгейінде атқаруым керек. Сондықтан да дәл қазір өзімді жақсы сезіну үшін күш-қуатымды соған салудамын", - жазды Руслан Берденов Instagram желісіндегі парақшасында.

Шенеунік партия жолының бастауындағы құндылықтар мен идеяларға адал болып қала беретінін атап өтіп, бірге жұмыс істеген әріптестеріне алғысын айтты.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар