"Сұңқар" арнайы жасағы халықаралық жарыста топ жарды
- авторjambylinfo.kz
- 3 ақпан, 2025
- 507

Әлем біріншілігінің алғашқы күні қазақстандық сарбаздар үшін сәтті өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
24.kz арнасының хабарлауынша, Қазақстандық жауынгерлер өз шеберлігін көрсетіп, мықты қарсыластарын артта қалдырды.
«Арыстан», «Сардар» және «Арлан» арнайы бөлімшелері де жоғары нәтиже көрсетіп, үздік ондыққа енді.
«Сұңқар» алғашқы кезеңді 1 минут 34 секундта аяқтады, бұл олардың дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді.
-Бұл – арнайы жасақтарға дайындықтарын көрсетуге үлкен мүмкіндік. Соңғы жылдары Мемлекет басшысының қолдауымен, Үкіметтің қолдауымен жақсы көңіл бөлінуде. Арнайы киім, қару-жарақпен жабдықталды. Сондай-ақ олар антитеррор операцияларын сәтті жүргізуге шыңдалуда, -деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Әнсаған Балтабеков.
Қазақстанның батыл жауынгерлерін жеңісімен құттықтаймыз!
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз