жұма, 13 желтоқсан, 2024 14:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

СҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

СҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Сурет: polisia.kz
Құрып кетуге шақ қалған ауыл үлгілі ауылға қалай айналды?

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Дайындық ауылының тұрғындары арақ-шараптан толығымен бас тартты. Соңғы екі жылдан бері елді мекенде бірде-бір ауыр немесе ұрлық, отбасылық жанжалдар тіркелмеген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz inbusiness.kz cілтеме жасап.

Зарина Аюпова Дайындық ауылына 5 жыл бұрын отбасымен көшіп келген.

"Бұл ауылда арақ мүлдем ішпейді, бос жүрген адам жоқ, барлығы жұмыс істейді, дүкенде алкоголь сатпайды, барлығы өз шаруасымен айналысады. Біздің ауыл тыныш", – дейді ауыл тұрғыны.

Бір кездері құрып кетудің аз-ақ алдында қалған ауыл қазір өңірдегі үлгілі елді мекендердің қатарында. "Үздік 30 ауыл" республикалық жобасында үздіктер қатарынан көрінді.

Жергілікті кәсіпкер Біржан Шаймерденов жұмыс орындарын құрып қана қоймай, жұмысшыларына жаңа баспана тұрғызып жатыр.

Сондай-ақ әлеуметтік нысандарды да тұрғызды. Алкогольден толық бас тартуды да ұсынған осы кәсіпкер.

"Біз мұнда жұмыс істей бастағанда ауылда 28 үй ғана болды, қазір олардың саны 80-нен асып отыр. Халық саны – 315 адам. Біз отбасыларды осында көшуге шақырамыз, жұмыс орнын ұсынамыз, өндірісті арттырамыз", – дейді Біржан Шаймерденов.

Жергілікі тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына жағдай жасалған. Қазір ауыл мектебінде 97 оқушы білім алады. Түлектер ауылға қажетті мамандықты меңгеріп, қайтып келіп жатыр.

Дайындық ауылы қарайтын Ленин ауылдық округіне тәжірибелі учаскелік полиция инспекторы Әди Мұқжанов қызмет көрсетеді.

Ішкі істер органдарында он жылдан астам тәжірибесі бар. Оның ауылдағы бүгінгі міндеті – соңғы уақытта жиі тіркелетін қылмыс – интернет-алаяқтықтың алдын алу.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар