Жаңалықтар
️СҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей қаза тапты
- авторСадуақас Айсұлу
- 6 қыркүйек, 2025
- 405
Осы фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Чистополье-Шөптікөл» автожолында Chevrolet Cobalt және Toyota Camry автокөліктері соқтығысып қалған.Екі жүргізуші де оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, апаттың себептерін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов марқұмдардың отбасына көңіл айтып, туыстарына барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.
Келесі мақала





