жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 16:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сабақ беруден қашатын сауатсыз адамдар директор болады - Аятжан Ахметжан

Сабақ беруден қашатын сауатсыз адамдар директор болады - Аятжан Ахметжан
Сурет: әлеуметтік желіден
Оның айтуынша, директордың жауапкершілігі көп, есесіне жалақысы аз

Белгілі педагог, "QAZBILIM GROUP" компаниясының басқарма төрағасы Аятжан Ахметжан мектеп директорының жауапкершілігі көп, керісінше жалақысы аз болғандықтан сауатсыз мұғалімдер директор бола бастайтынын айтқан. Бұл туралы ол журналист Жамбыл Зейнолланың  "Jaksi jakem" подкастында тілге тиек еткен деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Аятжан Ахметжан сөзінше, былтыр Атырау және солтүстік өңірлерде мектеп директоры мен оның орынбасарларының жүздеген орны бос тұрған. 

"Мектеп директоры мен орынбасары таңғы сағат 07:00 -ден бастап, кешкі 19:30-ға дейін мектепте жүреді. Атқаратын жұмысы мен жауапкершілігі көп. Есесіне жалақысы төмен. Сол себепті, көп маман директор болғысы келмейді. Бізде директорлық орындардың таласы оңтүстік өңірлерде ғана. Өткені оның белгілі бір деңгейде қосымша табысы бар ғой. (Күлді) Өкінішке қарай...  Мысалы, былтыр Атырау облысында 50 директордың, 250 мектеп директоры орынбасарының орны бос тұрды. Мектеп директорының жауапкершілігі ауыр, керісінше жалақысы аз. Содан кейін жұрт қашады. Сосын сауатсыз, сабақ беруден қашатын адамдар директор бола бастайды", -дейді Аятжан Ахметжан.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар