жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 11:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Салтанаттың тағдырын қайталаймын ба деп қорқамын»: Индира Елемес жан сырын ақтарды

«Салтанаттың тағдырын қайталаймын ба деп қорқамын»: Индира Елемес жан сырын ақтарды
Сурет:видеодан скрин
Әнші өзінен 19 жас үлкен күйеуінен ажыраса алмай жүргенін айтты

Қазақ эстрадасының белгілі әншісі Индира Елемес Айнұр Ильясованың "Мамский әңгіме" подкасына сұхбат беріп, отбасылық өміріндегі қиын жағдайлар туралы айтқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Өнер иесінің айтуынша,  ол жылдар бойы күйеуінен қысым көріп келеді. 

"Қазір ажырасқым келеді. Себептері өте көп. Бәрі тұрмысқа шыққан соң, бір айдан кейін басталды ғой. Мені қатты бақылауды бастады. Тойларға шығармады. Тек сахнаға рұқсат етілді. Ақша сұрай алмайтынмын. Бір жыл бойы өзіме қарай кеттім. Желідегі аккаунттарымның паролі де сол кісіде. Осыған дейін маған қол ұшын тигізбеген. Бірақ мен үнемі ол ренжіп қалмасын деп жаман үйретіп алған секілдімін. Өнердегі бәраз адамдармен араластырған жоқ. Туған күндерге, жиындарға жібермейтін, дейді әнші. 

Бірақ Индира Елемес өзінің әнші болып қалыптасуына күйеуінің ықпалы күшті болғанын жасырмаған. 

"Иә, менің Индира Елемес болуым сол кісінің арқасы, маған көп еңбегі сіңді. Менен ештеңе аямайтын, Бірақ мен шаршамадым. Ажырасқым келеді. Марқұм Салтанаттың тағдырын қайталағым келмейді- деді ол жан сырын ақтарып. 

Әлеуметтік желі қолданушылары әншіні қолдаған. Олар ешбір әйел отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауы тиіс екенін жазған. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар