бейсенбі, 19 желтоқсан, 2024 18:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Сандық полицей» салаға серпін сыйлауда

«Сандық полицей» салаға серпін сыйлауда
ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР Ішкі істер министрлігінің қылмысты азайтуға, құқықбұзушылықтарды жедел анықтауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Жаппай қамту» жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында облыста жедел басқару орталығына және полиция бөлімдерінің кезекші бөлімдеріне 11 061 камера шығарылған. Бұл қызметкерлердің және жұмыс процесіне басқа да қатысушылардың іс-әрекетін бақылауға мүмкіндік береді.«Freedom teleсom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвестициялық жобасы аясында қаланың 6 саябағында Wi-Fi және 60 бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда қаланың орталық саябағында және «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени орталығында 20 камера іске қосылған.Сонымен қатар Тараз қаласында биыл орнатылған «Briefcam» қоғамдық қауіпсіздік деңгейін талдау функциясы бар 410 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. «Briefcam» жүйесі әртүрлі сипаттағы бұзушылықтарды, соның ішінде автокөліктердің нақты уақыт режимінде жол белгілерінің тұтас жолақтарын кесіп өту жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ер адамдарды, әйелдерді, балаларды киімнің түсі, бас киімнің болуы, велосипедтерде немесе басқа көліктерде болуы секілді параметрлері арқылы дәл тануға, іздеуге болады.

– 2024 жылы «Контур-СТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен vxfaces мемлекеттік нөмірлері бойынша бетті тану және көліктерді сәйкестендіру функциясы бар бейнеаналитика жүйесіне 400 бейнебақылау камерасын қосу бойынша шарт жасалды. Қазіргі уақытта 30 камера орнатылған. Осы жүйенің арқасында 14 маусым мен 15 шілде аралығында іздеуде жүрген 14 адам анықталды.Сонымен қатар «Сандық полицей» жобасы аясында қызметкерлер 968 бейнетіркегішпен қамтамасыз етілген.

Жоба шеңберінде барлық деңгейдегі (аудандық, облыстық, республикалық) ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне шығара отырып, бейнені нақты уақыт режимінде жазуға және трансляциялауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірленді. Бұдан басқа, бейне деректерге және жүйелік параметрлерге қол жеткізуді шектеуді көздейтін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Жобаның нәтижелері бойынша қызметтік тәртіпті нығайту және қызметкерлердің дербес жауапкершілігін арттыру бөлігінде оң нәтиже бар. Облыстық полиция департаменті қызметкерлерді «Сандық полицей» жобасына сәйкес тасымалды бейнетіркегіштермен жарақтандыру үшін сервистік модель шеңберінде жеткізушінің смартфон базасында бейнетіркегіштерді жалға алу қызметтерін ұсынуын қамтитын, 3 қаржы жылына арналған мерзімге бейнетіркегіштерді жалға алу қызметін сатып алуға шарт жасасты, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Үдергенов.


Смартфон базасындағы бейнетіркегіштер барлық бөлімшелерге бекітілген разрядқа сәйкес берілген. Бүгінде республикалық және облыстық трассаларында апаттылық деңгейін тұрақтандыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 және 2023 жылдары сатып алынған 20 автоматтандырылған «АвтоСканнар МС» мобильді кешені жұмыс істейді. Сондай-ақ полиция департаментінің балансында 10 «Аркан» мобильді кешені бар. Бұл кешендердің мүмкіндіктері мол.

Атап айтқанда, автоматты режимде (полиция қызметкерінің қатысуынсыз) орнында қозғалмайтын күйде де және АБК қозғалысында да жолдың бақыланатын учаскесі арқылы өтетін барлық көлікті тіркеуді жүргізу, кез келген сервермен интеграция, 8 сағатқа дейін автономды жұмыс жасау, жеңіл және жүк көліктерін ажырату, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ автокөлікті тану, шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін тану, ағын журналына тіркеп, деректерді кешенде 30 күнге дейін сақтау, іздестіру және жедел іздестіру журналында жеке тіркеу, кешеннің қала мен облыстың кез келген нүктесінде жұмыс істеу мүмкіндігі сияқты функцияларды атқарады.Жүйе жол белгілерінің 60-тан астам түрін таниды және бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайды.Деректер автоматты режимде полицияның деректерді өңдеу орталығына және ҚР Бас прокуратурасының әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіліміне (ЕРАП) беріледі.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар