Жаңалықтар
Сапасыз форма үшін сынға қалған компания параспортшыларды да киіндіріп жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 18 қазан, 2023
- 486
Сапасыз форма үшін сынға қалған компания параспортшыларды да киіндіріп жатыр
Азиада спартакиадасында қазақстандық спортшылардың формасы сынға түсті. Себебі сапасыз болып шықты. Бүгін белгілі болғандай, Қытайда өтетін ІV жазғы Азия пара ойындарына баратын отандық параспортшылардың да формасын сол компания тігетін болды, деп хабарлайды Жамбылинфо Kazinform. сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін қолдау мақсатында жасалады.«Біз мемлекеттік сатып алуда тиісті заңнаманы ұстанамыз. Заңнамаға сәйкес ұлттық командалар қазақстандық тауармен қамтамасыз етіледі. Яғни біз барлық жабдықты, спорттық қажеттіліктерді отандық өндірушілерден сатып алуымыз керек», - деді Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, биыл қыркүйекте отандық спортшы Азиада спартакиада формасының сапасыздығын айтып, сынаған еді. Кейін Туризм және спорт министрлігі Азиада спартакиадасы үшін отандық спортшыларға дайындалған спорттық форманың сапасына қатысты түсініктеме берді.«Одан бөлек, еліміздің заңына сәйкес ұлттық командаларға арналған құрал-жабдықтар бір көзден баламалы тәсілмен сатып алынады. Паралимпиадалық ұлттық командалар үшін сол әдістер бойынша сол өндірушілерден спорттық формалар сатып алынды. Егер нақты айтсақ, бұл – «ҚазСПО-N» «Zibroo» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі», - дейді ол.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






