сейсенбі, 3 желтоқсан, 2024 22:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Сарбаз 6 айдан бері комада жатыр»: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

«Сарбаз 6 айдан бері комада жатыр»: Қорғаныс министрлігі  мәлімдеме жасады
Сурет: видеодан скриншот
Бірнеше күн бұрын сарбаз ұлттық нейрохирургия орталығынан үйіне шығарылған

Қорғаныс министрлігі алты айдан астам уақыт комада жатқан ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтарға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Мерзімді қызметтің әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың жарақат алғаны туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылған ақпаратқа қатысты мынаны түсіндіреміз. Қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан бөлімшесінде мерзімді әскери қызмет атқарды. Мерзімді қызметтің сарбаздары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында, Мемлекеттік күзет қызметінде және Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет өткеретінін хабарлаймыз.Қорғаныс министрлігі аталған күштік құрылымдардағы әскери қызметтің қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырмайды. Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау командирлер үшін басты міндет болып табылады. Біз де Ербаян Мұхтардың туыстары мен жақындарымен бірге оның денсаулығына алаңдаймыз және ҚР Қорғаныс министрлігінің емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетуге дайынбыз, - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі болғандай, Ербаян Мұхтарға мүгедектік те тағайындалмаған. Ата-ана анасының айтуынша, оның ісі бойынша сот әлі болмаған.

Төрт күн бұрын ауруханадан шығарылған сарбаз қазір үй жағдайында ем алып жатыр. Әлеуметтік желіде халық Ербаян Мұхтардың емі үшін есепшот ашып, қазіргі уақытта 140 миллион теңге жинаған. 

Еске салайық, Ербаян Мұхтар Алматы облысында Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде азаматтық борышын өтеп жүрген. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар