Сарбаздардың суициді: Қорғаныс министрінің орынбасары ескертумен құтылды
- авторjambylinfo.kz
- 12 ақпан, 2025
- 303

Вице-министр ескертудің ауызша немесе жазбаша болғанын (және оның жалақысына әсер еткен-етпегенін) нақтыламады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпараттық порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.
«Бір ғана ескерту алдым. Ауызша немесе жазбаша болсын – қарулы күштерде бұл екеуі бірдей. Маған жұмысымды жақсарту үшін осы да жеткілікті», – деді Жазықбаев.
Ол армиядағы суицид саны бойынша нақты статистика келтіре алмады, бірақ мұндай оқиғалардың азайғанын айтты:
«Сандардан қателесуім мүмкін. Бірақ есімде қалғаны: 2024 жылы – үш суицид фактісі тіркелді. Бұлар – мерзімді әскери қызметшілер. Келісім шарт бойынша қызмет ететіндерге қатысты ақпарат қолымда жоқ. Кейінірек ұсынатын боламыз. Әлеуметтік желілерде таралған «әр жылы армияда 90 суицид болады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - дейді министрдің орынбасары.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз