жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сарыкемердегі мектеп оқушыларының улануына қатысты жаңа дерек шықты

Сарыкемердегі мектеп оқушыларының улануына қатысты жаңа дерек шықты
ашық дереккөзі
Сарыкемердегі мектеп оқушыларының улануына қатысты жаңа дерек шықты
Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектепте жетінші қарашада болған жағдайға байланысты Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары жаңа мәліметтермен бөлісті.
“Соңғы мәліметке сай, стационарлық емделуде 5 оқушы, қалған науқастар амбулаториялық бақылауда. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы бір қалыпты. Тергеп тексеру барысында Жамбыл облысының Ұлттық сараптама орталығына бактериологиялық, санитариялық-гигиеналық зерттеулерге тамақ өнімдерінің сынамасы, оның ішінде тәуліктік тамақ сынамасы, су сынамасы, дезинфекциялық ерітінді сынамасы, шайынды алынды. Мектеп асханасының қызметкерлері, әлеуметтік педагог, медбикелер және техперсоналдар бактерия тасымалдаушылыққа бактерия тобының ішек таяқшаларына тексеру жүргізілді, зерттеу нәтижелері жұмыс барысында. Зерттеу қортындылары 7-10 күн аралығында дайын болады. Жеке кәсіпкер А.Т. Токсеитовқа қатысты Нығметолла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының асханасына жоспардан тыс тексеру жұмыстары жалғасуда.”
Айта кетейік, жетінші қараша күні мектеп асханасында түскі ас ішкен 48 адам тамақтан уланған . Екеуі ересек, қалғаны — балалар. Балалардың көбі – 7-10 жас аралығындағы оқушылар.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар