сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 8:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сарысу ауданында заманауи компьютерлік томограф іске қосылды

Сарысу ауданында заманауи компьютерлік томограф іске қосылды
Фото: Jambylinfo.kz
Жоғары технологиялық 64-кескінді томограф Германияның Siemens Healthcare GmbH компаниясында шығарылған. Құны 337,5 миллион теңгені құрайтын құрылғы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен сатып алынды.

Наурызнама онкүндігі аясында Сарысу аудандық орталық ауруханасында заманауи компьютерлік томограф аппараты іске қосылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жаңа аппарат жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жүйесі, сүйек-буын, асқазан-ішек жолдары секілді маңызды ағза мүшелерін дәл әрі жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, травматология, хирургия, онкология, неврология, урология, гинекология сынды медицинаның түрлі салаларында кеңінен қолданылады.

Бұрын аудан тұрғындары компьютерлік томографиядан өту үшін Қаратау қаласына баруға мәжбүр болса, енді бұл қызмет өз өңірінде де қолжетімді болмақ. Бұл – аудан медицинасының дамуы жолындағы маңызды қадам.

КТ қызметі:
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруы (МӘМС) бар азаматтар дәрігер жолдамасымен тегін өте алады.
Сақтандыру жүйесіне қатыспағандар үшін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Аппараттың іске қосылу салтанатында медицина ардагері Сағынбек Бегеев, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жұмәлі Орымбаев және билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек лентасын қиды.

Жаңа медициналық жабдықтың іске қосылуы – аудан халқы үшін үлкен жетістік. Мұндай жаңашылдықтар халық денсаулығын жақсартып, өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар