бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 19:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сарысуда материалдық шығынды зерделеу бойынша жұмыс жүргізілуде

Сарысуда материалдық шығынды зерделеу бойынша жұмыс жүргізілуде
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі
Қазір табиғи апаттан келген шығын есептеліп жатыр

Сарысу ауданында төтенше жағдай салдарынан болған мән-жайларға байланысты материалдық шығынды зерделеу бойынша жұмысшы топ құрылды, деп хабарлайды jambylinfo. kz. 

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай салдарынан болған материалдық шығынды зерделеу бойынша жұмысшы топ құрылып, жұмыс жүргізіп жатыр.

"Қазір төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су сору жұмыстарын жалғастыруда. Сағат 18:30-дағы жағдай бойынша 18 600 м3 су сорылды. Жалпы 128 аула мен 47 үйдің іші судан тазартылды. Жаңатас қаласындағы екі елді мекен (Малоэтажка, Дегерес) жарыққа қосылды. Тек Д. Қонаев орта мектебінде судан тазарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жарық әлі берілмеді. 8 шілде, таңертең ұшқызсыз ұшу аппаратының көмегімен су деңгейінің едәуір төмендегені анықталды. Адам, мал шығыны жоқ" делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, хабарламада зардап шеккен тұрғындар үшін 105 орындық екі қабылдау пункті дайындалып ашылған. 

 "Зардап шеккен тұрғындар үшін
105 орындық екі қабылдау пункті дайындыққа келтіріліп, оған 12 адам орналыстырылды. Қазір олар өз еріктерімен үйлеріне қайтарылды. «Жаңатас–Саудакент» тас жолы ашық", -деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, Сарысудағы төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау қызметтерінен 282 адам, 64 техника, 35 мотопомпа және 1 ұшқызсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.
Оқиға орнына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев сенбі күні түнде Сарысу ауданы Жаңатас қаласына барып, су алған аулаларды аралап көріп, ахуалмен танысты. 

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 7 шілдесі күні Сарысу ауданы аумағында қатты жауын-шашын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, бірқатар көшедегі 400-ден астам үйдің ауласы, 47 үйдің іші мен 1 мектептің жертөлесін су алды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар