Сарысу спортшылары Д.Қонаевты еске алуға арналған облыстық спартакиадада жүлделі орынға ие болды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Талас ауданына қарасты Ойық ауылында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған дәстүрлі облыстық деңгейдегі спартакиада ұйымдастырылды.
Бұл игі шара – ел руханияты мен спорт мәдениетін ұштастыра отырып, жас буын арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды спорттық оқиға болып табылады.
Жарысқа Жамбыл облысына қарасты Тараз қаласы мен барлық аудандардан келген 11 команда қатысты. Қатысушылар спорттың 6 түрінен: кіші футбол, қой көтеру, турникке тартылу, арқан тарту және тағы да басқа спорт түрлерінен бақ сынасты. Барлық командалар жоғары деңгейде дайындықпен келіп, тартысты бәсекеде өз шеберліктерін көрсетті.
Аталмыш сайыста Сарысу ауданының спортшылары аудан намысын абыроймен қорғап, бірнеше спорт түрінен жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, Сарысу командасы кіші футбол және қой көтеру жарыстарында бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар, турникке тартылу сайысында да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, осы бағытта бірінші және үшінші орындарды жеңіп алды. Жалпы командалық есеп бойынша сарысулықтар екінші орынды еншілеп, облыс көлемінде өздерінің спорттық әлеуетін дәлелдеді.
Жеңімпаз командалар мен жекелеген спортшылар кубокпен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Бұл – олардың еңбегі мен талпынысына берілген әділ баға болды.
Айта кету керек, бұл спартакиада жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Сарысу ауданының спортшылары бұған дейін де жақсы нәтижелер көрсетіп келген. Мәселен, 2023 жылы кіші футболдан бірінші орын алса, 2024 жылы арқан тарту сайысында топ жарған болатын. Бұл жетістіктер – аудан жастарының спортқа деген қызығушылығының, жүйелі дайындықтың және дене тәрбиесіне беріліп отырған көңілдің нәтижесі екені сөзсіз.
Жамбылдық спортшы Азия чемпионы атанды
Ұқсас жаңалықтар
Сара Жармухамбетова Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 маусым, 2025
Петропавл мектебіндегі дүрбелең: акт залының төбесі құлады
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 маусым, 2025