Жаңалықтар
Сайлау күні шаңырақ көтерген семейлік екі жас дауыс берді
- авторjambylinfo.kz
- 19 наурыз, 2023
- 1.0k
Сайлау күні шаңырақ көтерген семейлік екі жас дауыс берді
Абай облысында сайлау күні шаңырақ көтерген жастар өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Сайлау күні Семейдегі Неке сарайында екі жас үлкен өмірге қадам басты. Олар дәл осы күні үйленуді 3 ай бұрын жоспарлаған.
«Біздің шаңырақ көтеруіміз осындай айтулы датамен тұспа-тұс келіп отырғанына өте қуаныштымыз. Осы күнді Наурыз мейрамына орайластырып таңдаған едік. Дәл сайлау күніне де түсіпті. Келешекте елімізде сайлау болып жатқанда шаңырақ көтерген едік деп еске алып отырамыз. Өз таңдауымызды жасап, дауыс бердік», - дейді ерлі-зайыпты.
Бүгін қала бойынша 149 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 19-ы – жабық сайлау учаскесі. Семейдегі мүмкіндігі шектеулі жандар да өздерінің конституциялық құқығын пайдаланып, үйде дауыс бере алады.
Айта кетейік, Семей қаласындағы сайлаушылар тізіміне 232 мыңнан астам адам енгізілген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






