Жаңалықтар
Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 15:37
- 80
Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді.
Семей қаласының Шығыс кентінде жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде ана мен баланы қағып кетті, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz https://aikyn.kz/ cілтемме жасап.
«Оқиға құрылыс дүкенінің маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде болды. Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен ана мен бала дереу ауруханаға жеткізілген», – делінген хабарламада.
Семей қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер медициналық тексеруден өтіп, үйлеріне қайтарылған. Полиция департаменті көлік жүргізушісінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.