....

....

сәрсенбі, 28 ақпан, 2024 5:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ІС САПАРМЕН КЕЛДІ

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ІС САПАРМЕН КЕЛДІ
ашық дереккөзі
СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ІС САПАРМЕН КЕЛДІ
 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барды.
Сенатор алдымен аудандық орталық аурухананы аралап көрді. 1969 жылы пайдалануға берілген ғимараттың жағдайын көрді. Аурухана жұмысымен сенаторды аудандық орталық аурухананың бас дәрігері А. Каликова таныстырды. Аурухана басшысы А. Каликова жаңа аурухана салу үшін тиісті құжаттар дайындалу үстінде екенін жеткізді.
Бұдан кейін Бекболат Серікбекұлы Жаңатас қалалық орталық жылыту қазандығында болып, мекеменің жұмысымен танысты. Қысқы жылыту маусымының қалыпты деңгейде өтуін тапсырды. Алдағы уақытта қаладағы қазандық газ жүйесіне ауыстырылмақ.
Сондай-ақ Сенат депутаты Жаңатас қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гиназиясында және Абылайхан атындағы мектеп-лицейінде болды. Өткен жылы бұл екі білім ошағы күрделі жөндеуден өткен болатын. Мектептерге жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы аудандық білім бөлімінің басшысы И. Баймағамбетов және мектеп басшылары таныстырды. Екі мектептің күрделі жөндеу жұмыстары 399,2 млн. тенгеге жүргізілді.
Сапар барысында Бекболат Серікбекұлы Жаңатас қаласында қайта жөңдеуден өткен 1-ші шағын аудандағы 44-ші үйді көріп шықты. Жүргізілген құрылыс жұмыстарының барысымен аудан әкімдігінің сәулет, қалақұрылыс және құрылыс бөлімінің басшысы Қ. Аукенов таныстырды.
Сенатор ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар