сенбі, 15 ақпан, 2025 14:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сенатта көктемгі су тасқынына дайындық мәселесі талқыланды

Сенатта көктемгі су тасқынына дайындық мәселесі талқыланды
Фото-Сенат
Бүгін Сенатта 2025 жылғы көктемгі су тасқынына дайындыққа арналған Үкімет сағаты өтті

Жиында өткен жылғы су тасқынының салдарын жою бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы су басу қаупі мен оны болдырмау шаралары қарастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов бұл мәселенің биыл да өзекті екенін атап өтті. Оның айтуынша, көктемгі су тасқыны халық пен инфрақұрылымға жыл сайын үлкен сынақ әкеледі. 2024 жылғы жағдай табиғи апаттың қаншалықты ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін көрсетті.

«Өткен жыл біз үшін үлкен сынақ болды. Мыңдаған отбасылар зардап шекті, үйлер қирады, жолдар мен көпірлер бүлінді. Президенттің араласуымен шұғыл шаралар қабылданып, мекемелердің үйлесімді жұмысының арқасында шығындарды азайту мүмкін болды. Дегенмен, егер алдын алу шаралары дер кезінде жүргізілсе, көптеген залалды болдырмауға болар еді. Басты мақсат – су тасқынының салдарымен күресу ғана емес, оны жүйелі түрде болдырмау», – деді Жақып Асанов.

 

Бақытжан Бекболат

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар