Шәкәрім университетінде мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технопаркі құрылмақ
- авторjambylinfo.kz
- 1 ақпан, 2025
- 374

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айгүл Ахмеджанова университеттің жұмысымен танысып, профессор-оқытушылар құрамымен кездесуде аграрлық сектордың өзекті мәселелерін талқылады.
Кездесудің басты мақсаты – өңірдегі мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу сапасы мен көлемін арттыруға мүмкіндік беретін технопарк құру. Абай облысының қолайлы климаты мен дамыған инфрақұрылымы бұл бастаманың тиімділігін айқындай түседі.
«Университеттің аграрлық сектор үшін білікті мамандар даярлауда бай тарихы бар. Технопарк құру арқылы жергілікті өнімді қайта өңдеудің сапасы мен көлемін едәуір жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті ҰАҒББО басшысы.
ЖОО басшылығы аграрлық бағыттағы ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен жобаларды дамытуға ниетті екенін білдірді.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз