Жаңалықтар
ҰҚШҰ күштерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтеді - Қорғаныс министрлігі
- авторjambylinfo.kz
- 16 қыркүйек, 2022
- 176
ҰҚШҰ күштерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтеді - Қорғаныс министрлігі
ҰҚШҰ Біріккен штабының брифингі өтті, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.
Брифинг барысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдарының басқару органдары мен құралымдарының бірлескен оқу-жаттығуларды өткізуге дайындығы туралы хабардар етті.
Бейнеконференция режимінде өткен іс-шараға ұйымға мүше Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің қорғаныс ведомстволары мен аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Брифингке қатысушылар бірлескен жедел және жауынгерлік дайындық аясында жоспарланған іс-шаралар кешені туралы, өткізілетін іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттері, тартылатын күштер мен құралдар туралы, сондай-ақ 2022 жылы ҰҚШҰ әскерлерінің (ұжымдық күштерінің) бірлескен оқу-жаттығуларының ерекшеліктері туралы ақпараттандырылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жайық-Каспий су бассейнінде бақылау күшейтілді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
"Шұғыл": Композитор Қалдыбек Құрманәлі ауруханаға жатқызылды
- авторjambylinfo.kz
- 10 қазан, 2024
Жаңалықтар
"Қысым көрсетіле бастады": Жұлдыз Әбдікәрімова жанайқайын айтты
- авторjambylinfo.kz
- 10 қазан, 2024