жұма, 11 қазан, 2024 0:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Шұғыл": Композитор Қалдыбек Құрманәлі ауруханаға жатқызылды

"Шұғыл": Композитор Қалдыбек Құрманәлі ауруханаға жатқызылды
Сурет: әлеуметтік желіден
Бұл туралы адвокат Ләззат Ахатова хабарлады

Адвокат әлеуметтік желідегі парақшасына сазгер Қалдыбек Құрманәлі ауруханаға жатқызылғанын айтты, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz.

«Қазір Әнарудың әкесі Қалдыбек аға жүрегінен приступ беріп, қазір Алматыда ауруханада жатыр. Мен де тамыздан бері ауырып жүргем, соңында суық өкпеме өтіп кетіп, Шымда емханадамын. Сонда да байланысты үзбей, істі бақылауда ұстап отырмын. Алматыда Әнтай Әлімбекқызы деген тағы бір білікті адвокат әріптесіміз іске қосылды. Әкесі ауруханадан шыққан соң, Бас прокурордың қабылдауына жазылып, тергеудегі жағдайды жеткізбек», - деді қорғаушы.

Еске салайық, Әнару Құрманәлі кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған болатын. Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар