Шұжықтан африкалық обаның вирусы табылды
Ресейде шұжықтан африкалық обаның вирусы табылды.
Воронеж облысындағы ет комбинаты шығарған шұжықтан шошқалардың африкалық оба вирусының ДНҚ-сы табылды. "Интерфакс" мәліметінше, өнім Великий Новгородтағы қоймалардың бірінде сақталған.Қазір мұндай шұжықтың 14 килограмға жуығы жойылды. Новгород облысының ветеринария комитетіндегілер вирустың геномы адамдарға қауіпсіз, бірақ шошқаларға қауіпті - өліп кетуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Инфекция тараған нысанда 22 қазанға дейін карантин жарияланды. Ол жерде вирусты жою шаралары жүргізіліп жатыр.
alashainasy
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақтың шенеуніктерін тойымсыз әйелдері жемқор етті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 14:18






