жұма, 1 қараша, 2024 10:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұшақта әуе компаниясы қызметкерлерін балағаттаған шымкенттікке айыппұл салынды

Ұшақта әуе компаниясы қызметкерлерін балағаттаған шымкенттікке айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Ұшақта әуе компаниясы қызметкерлерін балағаттаған шымкенттікке айыппұл салынды
Ұшақта әуе компания қызметкерлерін балағаттаған шымкенттікке айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап. Ер адам «Шымкент-Астана» бағытындағы әуе рейсіне отырғызу кезінде өзін дөрекі ұстап, әуе компания қызметкерлерін балағаттаған. Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың айтуынша, көлік полицейлері тексеру кезінде Шымкент қаласының 46 жастағы тұрғынын анықтады. Медициналық куәландыру бойынша оның «орташа» дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. «Құқықбұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің бірден үш бабы, яғни, 440-бап (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу), 434-бап (Ұсақ бұзақылық), 566-бап (Әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік материал толтырылды. Нәтижесінде жоғарыда аталған азаматқа 8 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - деді М.Айтуғанов. Ұсақ бұзақылық бойынша материал тиісті шешім қабылдау үшін Шымкент қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар