Шахаров Ойылдағы көпір құрылысының баяу жүріп жатқанын сынға алды
- авторjambylinfo.kz
- 19 наурыз, 2025
- 189

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ойыл ауданындағы уақытша техникалық көпір құрылысының баяу жүріп жатқанын сынға алды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өңір басшысы тікұшақпен аудан аумағын аралап, өзендердің жай-күйін тексеріп, су тасқыны қаупін бағалады. Кейін ол Ойылға кіреберісте салынып жатқан уақытша көпірдің құрылысымен танысты. 2024 жылғы көктемгі тасқын кезінде ауылды орталықпен байланыстыратын көпір қирап, тұрғындар уақытша орнатылған понтонды пайдаланған еді, алайда оны да су шайып кеткен.
Құрылысқа жауапты мердігер мекеме көпірді екі-үш күн ішінде аяқтауға уәде бергенімен, бұл мерзім облыс әкімін қанағаттандырмады.
"Сіздердің жұмысты ұйымдастыруларыңыз күткен нәтижеге сай емес. Барлық жағдай жасалған. Мемлекеттік сараптама қаңтарда аяқталды, қаржының бір бөлігі бөлінді. Енді барлық күшті салып, жұмысты жеделдету керек. Халыққа қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысты қамтамасыз ету – басты міндет", – деді Асхат Шахаров.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз