....

....

сәрсенбі, 28 ақпан, 2024 5:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Шанхайдағы көрме: Қытайда түйе сүтіне сұраныс жоғары

Шанхайдағы көрме: Қытайда түйе сүтіне сұраныс жоғары
ашық дереккөзі
Шанхайдағы көрме: Қытайда түйе сүтіне сұраныс жоғары
Премьер-министр Әлихан Смайылов Шанхайда өтіп жатқан Қытайдың VI халықаралық импорт көрмесіне (ҚХИК) қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен бірге, онда ұсынылған Ұлттық павильондармен танысты.
  Ұлттық павильон шеңберінде Қазақстан ауыл шаруашылығы, туризм, логистика, экспорт және инновация салаларындағы компаниялар мен жобалар арқылы кең ауқымды келушілерге өзінің инвестициялық, сауда және өнеркәсіптік мүмкіндіктерін таныстырады. Бұл туралы Aikyn.kzҮкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  Аустралия, Қытай, Куба және Сербия үкіметтерінің басшылары бар құрметті қонақтарға республиканың астық, май және басқа да азық-түлік өнімдерінің экспорттық әлеуеті, келешегі зор инвестициялық жобалар, теміржол бағыттарының желісі және туристік көрікті жерлер таныстырылды. – «Бүгінде еліміз бен ҚХР арасында қазақстандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін экспорттау бойынша 21 хаттамаға қол қойылды, бұл АӨК тауарларын Қытайға жеткізуді едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Бұл ретте Қазақстан Қытай нарығына экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты көлемін кеңейте алады. Тек өсімдік майы мен күнжара бойынша экспорттық әлеует $300 млн-ды құрайды», – деді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Ұлттық павильонның тұсаукесері барысында. Оның айтуынша, қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін, атап айтқанда ірі қара, қой және құс етін өндірушілердің мүмкіндіктері зор.
  «Евразия Инвест» көрмеге алтыншы жыл қатарынан өз өнімдерін – кептірілген түйе және бие сүтін ұсынып отыр. Компания өкілі Меруерт Рахымбердиева атап өткендей, ЭКСПО көрмесінің арқасында компания Қытайда тұрақты серіктестермен іскерлік байланыс орнатты.
«Қытайда түйе сүтіне сұраныс жоғары. Қытайлық тұтынушылар өнім сапасына жоғары талаптар қояды. Неміс кептіру технологиясы сүттің барлық пайдалы қасиеттерін сақтауға және өнімнің сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді ол.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар