сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 10:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шаштың ерте ағаруы қандай аурулар жайлы белгі беруі мүмкін? Эндокринолог жауабы

Шаштың ерте ағаруы қандай аурулар жайлы белгі беруі мүмкін? Эндокринолог жауабы
ашық дереккөзі
Шаштың ерте ағаруы қандай аурулар жайлы белгі беруі мүмкін? Эндокринолог жауабы

Ақ шаш кез келген жаста пайда болуы мүмкін. Кей адамдардың шашы ерте ағарып бастайды. Бір жағдайларда бұл қалыпты болса, басқа жағдайда ол қандай да бір ауру белгісі болуы мүмкін. Эндокринолог Юлия Сидоркина мәлімдеме жасады

Ақ шаш – жас ерекшелігінің табиғи өзгерісінің белгісі, себебі уақыт өте ағзада меланин аз бөліне бастайды. Әдетте, алғашқы ақ шаш 25-30 жаста пайда болады, - дейді эндокринолог.
Ол сондай-ақ шаштың ерте ағаруы ауру белгісі болуы мүмкін екенін айтты. Олардың ішінде кең таралғандарына – ағзадағы гормондар бұзылысы, асқорыту жүйесі аурулары, аутоиммунды аурулар, дәрумендер жетіспеушілігі (мырыш, мыс, темір, кальций, А тобының дәрумендері, D дәрумені), кей дәрі-дәрмектердің қосымша әсері, жүктілік, лактация, созылмалы ауру синдромы және күйзеліс жатады. Күйзеліс кортизол мен адреналин гормондарының шығуын ынталандырады, ал олар өз кезегінде қан тамырлар тарылуына және шаш түйіншелеріндегі қанайналымның нашарлауына әкеледі.
Шаштың ерте ағаруын қолайсыз экологиялық жағдай да ынталандырады. Мысалы, ағзаға ұзақ уақыт бойы немесе қарқынды түрде электромагнитті толқындардың немесе ультракүлгіннің әсер етуі. Зиянды өндірістерде немесе қиын климаттық шарттарда жұмыс істеу де - қауіп факторы. Темекі тарту, алкоголь ішу және есірткі пайдалану да ақ шаштың ерте пайда болуына әкеледі. Сондай-ақ меланин өндірісіне ақуыздың жетіспеуі жағымсыз әсер етуі мүмкін. Мысалы, адам жылдам артық салмақтан арылғысы келіп, қатаң диеталар сақтағанда немесе веган болса, ағзаға ақуыз жетпеуі мүмкін. Ұйқы режимінің бұзылуы да ақ шаштың ерте пайда болуына әкеледі, - деді дәрігер.
Алайда маманның айтуынша, ақ шаштың ерте пайда болуының негізгі факторы – генетика.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар