Алматы облысының Азат ауылында Нұрғанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімінде Шерзат Болаттың әкесін полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жүк көлігінің үстіне шығып, өз-өзін өлтіретінін айтып қорқытқан. Облыстық Полиция департаменті оның қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіргенін алға тартты.
Азамат Н., прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді. Азамат Н. жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады, - делінген мәліметте.
Қаржаубай Нұрымовты тәртіп сақшылары құрықтаған. Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Полиция жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмысты жалғастыруда және азаматтарды сабырлы болуға шақырады.
Айта кетейік, кеше Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Кейіннен оның өлер алдында ағасына жазған хаты жарияланды.
Ұқсас жаңалықтар
Ербол Қарашөкеев: «Тойымыз кішігірім асханада өтті»
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 желтоқсан, 2024
Қайсар Бекенов ҚФФ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 желтоқсан, 2024