....

....

сәрсенбі, 28 ақпан, 2024 4:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Шетелдік инвесторлар инвестиция тартуда

Шетелдік инвесторлар инвестиция тартуда
ашық дереккөзі
Шетелдік инвесторлар инвестиция тартуда
Ұлттық Банктің деректері бойынша 2010-2020 жылдары Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны шамамен 249 миллиард АҚШ долларын құраған. Оның ішінде 30,4 пайызы, яғни 75,6 миллиард АҚШ доллары мұнай-газ секторына, 23 пайызы, яғни 42,1 миллиард АҚШ доллары металл өндіруге және металлургияны дамытуға тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 39,4 миллиард АҚШ доллары немесе барлық тікелей шетелдік инвестициядан 15,8 пайызы тартылған. Бұл ретте 2016 жылдан бастап 2022 жылға дейін Жамбыл облысына шетелдік инвесторлардан тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 518,9 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл жалпы республикалық көлемнің 0,4 пайызын құрайды. Салалар бойынша ең үлкен үлесті тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу, сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі алды. Биылғы ІI тоқсанның қорытындысы бойынша облысқа 52,1 миллион АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Өткен жылмен салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 2022 жылдың І тоқсанында 12,8 миллион АҚШ доллары түскен болатын. Қазіргі уақытта облыста шетелдіктердің қатысуымен жа лпы көлемі 2,6 триллион теңгеге 10 инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың ішінде түркиялық «Yildirim Holding», ресейлік «Eurochem», қытайлық «China Power International Holding», сингапурлық «Alacem», франциялық «Total Eren» және тағы да басқа халықаралық компанияларды атап өтуге болады. Инвесторлар химиялық, құрылыс және жаңартылатын энергия көздері сияқты салаларда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Облысымызда жүзеге асырылып жатқан шетелдік қатысуы бар инвестициялық жобаларға тоқталар болсақ, Сарысу ауданында «ЕвроХим Тыңайтқыштар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі минералды тыңайтқыштарды өндіру химзауытының құрылысын салып жатыр. Қазір құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 356,5 миллиард теңгені құраған бұл зауыт 1400 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндіруге қуатты. Мұнда екі мың жұмыс орны ашылады. Биыл құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан жобалардың қатарында құны 50 миллиард теңгені құрайтын Қордай ауданындағы «Корцем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Сарысу ауданындағы «Qazaq Soda» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, тағы да осы аудандағы жобалық құны 50 миллиард теңгелік «Шокпарская ВЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Тараз қаласындағы құны 10 миллиард теңгелік «Джон Бан МеталлПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. Қордайда жүзеге асып жатқан «Alacem» сингапурлық инвестормен салынып жатқан өндіріс орнында 1,2 миллион тонна цемент өндіріліп, 387 адам жұмысқа алынады. Түркиялық «Yildirim Holding» инвестордың Сарысудағы кальцийленген сода өндіру зауыты 500 мың тонна өнім шығарып, 950 жұмыс орнын ашпақ. Ал, Сарысудан жел электр станциясының құрылысын салып жатқан Қытай халық республикасының «China power international holding» инвесторы 100 МВт электр қуатын өндіріп, 30 адамды жұмыспен қамтымақ. Тағы да қытайлық инвестордың Тараз қаласы аумағынан металлургиялық өндірістің мырыш-қорғасын қалдықтарын қайта өңдеу кәсіпорнының қуаттылығы 10 мың тонна және 50 жұмыс орнын ашады. Елімізге тартылған бұл инвесторлар халыққа жұмыс орнын ашып берумен қатар, ортақ қазынаға қыруар қаржы құяды. Өндірген өнімдерін тұтынушыларға сата отырып, мемлекетіміздің табысын арттырады.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар