жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 6:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шу қаласында ірі көлемде есірткі затын тәркіледі

Шу қаласында ірі  көлемде есірткі затын  тәркіледі
ашық дереккөзі
Шу қаласында ірі көлемде есірткі затын тәркіледі
Ағымдағы жылдың 10 наурызында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Жедел-іздестіру іс-шаралары  барысында 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, тінту кезінде жеке тұрғын үй аумағынан жалпы салмағы 3 жарым келіден  асатын "кептірілген марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленді. Ұсталған ер адам  кінәсін мойындап, Шу қалалық  полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды. Осыған байланысты 3 жылдан  7 жылға дейінгі мерзімге  бас бостандығынан айыру  жазасы көзделген
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар