сенбі, 21 желтоқсан, 2024 22:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Шығындарды жабамыз": Сенат 345 миллион еуро қарыз алу туралы заң қабылдады

"Шығындарды жабамыз": Сенат 345 миллион еуро қарыз алу туралы заң қабылдады
ашық дереккөзі
"Шығындарды жабамыз": Сенат 345 миллион еуро қарыз алу туралы заң қабылдады
Сенат халықаралық банктен 345 млн еуро қарыз алу туралы заңды қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады, деп жазады Жамбылинфо "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап.
«Жылдың 2 шілдесіндегі ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 345,7 млн еуро сомасындағы Қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылды. Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да мақсаттарға арналған бюджет шығыстарын жабуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
Оның айтуына қарағанда, Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстан Республикасына 11,5 жылға беріледі. Оның ішінде 2,5 жылға жеңілдік көзделген.
«Сыйақы ставкасы Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады. Біржолғы комиссия да игерілмеген қарыз қалдығына есептелген резервтік комиссия 0,25% құрайды. Қарызға қызмет көрсету және оны өтеу келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Сенат депутаттары заңды бірауыздан қабылдады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар