Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда 2 адамнан бруцеллёз дерті анықталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 мамыр, 2025
- 208

Бруцеллёз - малдан адамға жұғатын қауіпті жұқпалы ауру.
Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында бруцеллёз дертіне шалдыққан екі адам тіркелді. Қазіргі уақытта науқастар медициналық мекемеге жатқызылды, ал олармен байланыста болған 12 адам дәрігерлердің бақылауына алынды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstan.tv сілтеме жасап.
Биыл облыста Марқакөлмен қатар Зайсан және Үлкен Нарын аудандарында да осы дерттің ошақтары анықталған. Былтыр өңірде 36 адам бруцеллёзге шалдыққан. Індеттің алдын алу мақсатында малдарға жаппай вакцина егу жұмыстары басталды. Облысқа 5 миллион доза арнайы вакцина және диагностикалық тест жеткізілген.
Бұл шараларға республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.
Келесі мақала
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Ақтауда психотроптық заттарды заңсыз жарнамалағандар сотталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 шілде, 2025
Жаңалықтар
Қазақстандық фильм Италияда жүлделі болып, Оскарға ұсынылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 шілде, 2025