Жаңалықтар
Шымкентте бөлім басшысы мүгедек балалардың ата-аналарынан пара алған
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 10:21
- 47
Пара соммасы 850 мың теңге
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қалалық департаментінде бөлім басшысының міндетін атқарушы пара алды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstantv сілтеме жасап.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары оған мүгедектік топтарын белгілеу үшін 850 мың теңге берген. Ақшаны алуға қалалық емханалардың бірінде жұмыс істейтін медбике көмектескен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтапды. Қазіргі уақытта қала прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.