бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 17:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкентте кене шаққан адам қайтыс болды

Шымкентте кене шаққан адам қайтыс болды
Ашық дереккөз
61 жастағы азамат Шымкент қалалық инфекциялық ауруханасында көз жұмған.

Медициналық қызметке тым кеш жүгінген науқастың өмірін ақ халаттылар қанша тырысқанымен құтқара алмады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпарат агенттігі ontustik.tv-ге сілтеме жасап.

Кене шағуынан қауіпті вирус жұқтырып, қаза тапқан адам Түркістан облысының тұрғыны. Марқұм Сайрам ауданында мал бағып, күнелткен. 18 маусым күні аса ауыр жағайда жансақтау бөліміне түсіп, 21 маусымда көз жұмған.

Түркістан облысының тұрғыны өте ауыр жағдайда түсіп, қаза болды. Өте кеш болды, ауруының төртінші күнінде түсті. Бізге келгенде ол кісінің барлық жағынан қанау белгілері байқалды. Екінші жағдай Шымкент қаласының тұрғыны, ол 12 жасар бала. Жатқанына сегіз күн болды, протокол бойынша 14 күн бақылап, үйіне шығарылады. Қазіргі жағдайы ораша ауыр, - дейді Инфекциялық аурухананың бас дәрігері Бақтығали Ережепов.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар