Шымкентте жүргізуші куәлігін заңсыз берген ЦОН басшылығы тергеуге алынды
- авторСадуақас Айсұлу
- 2 мамыр, 2025
- 181

Шымкентте жүргізуші куәлігін заңсыз берген ЦОН басшылығы тергеуге алынды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz atamekenbusiness_qaz сілтеме жасап
Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, 2023–2024 жылдар аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы Ж.Мурашимов пен бірге бірқатар лауазымды тұлғалар жүргізуші куәліктерін беру рәсімін теориялық және практикалық емтихандардан өтпей заңсыз алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
Аталған «қызмет» үшін азаматтардан 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін ақша алған.
Нәтижесінде 500-ден астам адам заңсыз жолмен жүргізуші куәлігіне ие болған.
Қазіргі таңда тергеу аясында 200 млн теңгеден астам сомаға бағаланған күдіктілердің мүлкіне - 2 жеке үй, 2 пәтер, 2 жер телімі және 10 автокөлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды.
Соттың санкциясымен 12 күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.