Шымкенттің экс-әкімінің ағасы бұрынғы әйеліне шабуыл жасағаны үшін 5 күнге қамалды
- авторjambylinfo.kz
- 15 шілде, 2024
- 643
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әкімшілік кодекстің 73-бабының 1-бөлігі бойынша Мұрат Әйтеновке қатысты істі қарады ,– деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Сот құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен, жәбірленушінің түсіндірмелерімен расталғанын жазған.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындамаған және балаларын алып кеткісі келгенде, бұрынғы жұбайының оларды қолдарынан ұстап жібермегенін айтқан. Ол әдепсіз сөз айтпағанын, оны ұрмағанын атап өткен.
«Істің мән-жайы бойынша, құқық бұзушы үйдегі отбасылық жанжал кезінде бұрынғы жұбайының абыройы мен қадір-қасиетін қорлап, оның атына дөрекі сөйлеген. Осылайша оған құрмет көрсетпей, басқа адамдардың тыныштығын бұзған. Жоғарыда келтірілген мән-жайды, сондай-ақ жұртшылыққа теріс әсер ететін және жеке адамның құқықтарына қол сұғатын жасалған іс-әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып, құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Прокурор Айжан Аймағанованың қызметтік шені жоғарылады
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альваресті шаршы алаңға шақырды
- авторjambylinfo.kz
- 21 қараша, 2024