жексенбі, 24 қараша, 2024 2:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шыны сынықтарынан бір күнде 35 мыңға жуық банка шығарылады

Шыны сынықтарынан бір күнде 35 мыңға жуық банка шығарылады
ашық дереккөзі
Шыны сынықтарынан бір күнде 35 мыңға жуық банка шығарылады
  Облыстағы  кәсіпорын өңірлерден шыны сынықтарын жинап, банканың 12 түрін шығарып жатыр. Дайын өнімдер Қырғыз және Өзбекстан мемлекеттеріне экспортталуда. Тәулігіне 40 тонна шикізатты өңдеуге қуатты зауыт алдағы уақытта өнім көлемін арттыра түспек. Мұнда болашақта бір күнде 70 мың дана шыны банка шығарылмақ. «Достық и Компания» ЖШС өндірістік цехында шыны банкаларының өндірісі жақсы жолға қойылған. Кәсіпорында тәулігіне 30-35 мың банкі шығарылады. Банканың 12 түрін шығаратын зауыт цехында 56 адам жұмыс істейді. Ондағы бір желі сыйымдылығы 0,5-тен 1 литрге дейінгі банкаларды шығаруға арналған. Биыл оның екінші желісі іске қосылып, 2 мен 3 литр аралығындағы банкалар шығарыла бастапты. «Зауыт банкаларды кең ассортиментте шығара алады. Жиынтықтар формаларының жеткілікті таңдауы бар. Өндірілетін өнім сапасы бойынша «Консервіленген тамақ өнімдеріне арналған шыны ыдыс» формасы мемлекеттік талаптың барлық стандартына сай келеді. Кәсіпорында шығарылатын өнімге Еуразиялық экономикалық одақ сәйкестігі туралы декларациясы бар. Бұл өнімдерімізді Кеден одағы елдеріне өткізуге мүмкіндік береді», — дейді директоры Мұрат Қаңлыбаев. Зауыт ауласында бір айға жететін шикізат қоры жинақталған. Цех басшысы Есберген Еламанов шыны балқытуға Арал құмын, Қаратаудың содасын, кварц құмы және барлық өңірден жинаған шыны ыдыстарының сынығын пайдаланатынын айтты. «Біз бір тәулікте 40 тонна шикізатты шыны сынықтарымен қосып балқытамыз. Алдымен шыны ыдыстарды арнайы тазалаудан өткізіп, құм мен соданы, басқа да қоспаларға араластыра отырып ұнтақтаудан өткіземіз. Одан кейін ол шикізат 1500 градустағы балқыту пешіне түсіп, 102 тонналық ваннада қайнап, балқып шығады. Сұйықтық цехтың екі желісі арқылы 0,5 грамнан 3 литр аралығындағы банкалар құймасына құйылып, ары қарай дайын өнімге айналады. Цех жұмысы тоқтап қалмас үшін бір ай бұрын бір айлық шикізат қорын дайындап аламыз. Құмнан бөлек, шиша республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналып, осында жеткізіледі. Қор жинақтау мәселесі шешімін тапқан», — деді ол. Дайын өнім Қырғыз және Өзбекстан Республикаларына экспортталады. Ал Қазақстандағы негізгі тұтынушысы Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы консервілеу зауыттары. Қазір көкөніс пен тосап жабу кезеңі болмағандықтан зауыт ауласында дайын өнім тау болып жинаулы тұр. Маусым кезінде бір сәтте алаң босап қалады дейді зауыт өкілдері. Алдын ала консервілеу зауыттарынан тапсырыс алған кәсіпорын бүгінде толық қуатында жұмыс істеуде. Алда оның қуатын тәулігіне 70 мың данаға жеткізу жоспарланған.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар