SIM-box арқылы байланыс жүйесіне зиян келтірген шетелдік азамат ұсталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 сәуір, 2025
- 220
Петропавлда ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері Tele2 ұялы байланыс операторымен бірлесіп, sim-box құрылғыларын телефон алаяқтығын жасау үшін пайдаланған ірі қылмыстық желінің қызметін тоқтату бойынша операция жүргізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Нәтижесінде заңсыз қоңырауларды бағыттау жүйесін ұйымдастырған шетелдік азамат ұсталды.
Қылмыскерлер sim-box-ты нөмірлерді ауыстырып, қоңырауларды жасыру үшін пайдаланған. Бұл оларға қауіпсіздік жүйелерін айналып өтуге, алаяқтық қоңырауларды жасыруға және азаматтарға, банктер мен мемлекеттік құрылымдарға шабуыл жасауға мүмкіндік берген.
Тінту барысында үш пәтерден әрқайсысында 32 sim-картадан орнатылған төрт sim-box құрылғысы, төрт маршрутизатор, төрт Wi-Fi роутері, ноутбук, екі ұялы телефон және флэш-карта табылып, тәркіленді, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Жыл басынан бері киберполицейлер байланыс операторларымен бірлесіп, 68 sim-box құрылғысын, қылмыстық схемаларда пайдаланылған 88 мыңнан астам sim-картаны тәркіледі. 29 адам ұсталды, оның ішінде 13 шетелдік азамат.
Бүгін – Бекзат Саттархановтың туған күні
Ұқсас жаңалықтар
Иракта құмды дауыл салдарынан әуежайлар уақытша жабылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 15 сәуір, 2025