сенбі, 15 ақпан, 2025 14:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

СІМ-де Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

СІМ-де Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
Фото: ҚР СІМ
Қазақстан «Global Passport Power Rank 2025» рейтингінде 51-ші орынға тұрақтады

Бұл мәлімет Сыртқы істер министрлігінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспанның жетекшілігімен өткен Қоғамдық кеңестің отырысында жарияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жиында СІМ-нің 2024 жылғы қызметі қорытындыланып, алдағы жоспарлар талқыланды. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев ведомствоның негізгі міндеті – сыртқы саясатты ілгерілету және ұлттық мүдделерді қорғау екенін атап өтті. Ол экономикалық дипломатия мен инвестиция тартудағы жетістіктерге тоқталып, өткен жылы Қазақстанға 15,7 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылғанын мәлімдеді. Бұл Орталық Азиядағы барлық инвестициялардың 63%-ын құрайды.

Қазақстандық төлқұжаттың мәртебесін арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ел «Global Passport Power Rank 2025» рейтингінде 51-ші орынға көтерілді.

Отырыс барысында азаматтардан түсетін өтініштерді қарау мәселесіне ерекше назар аударылды. Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубековтің мәліметінше, 2024 жылы СІМ-ге 100 мыңға жуық өтініш түсіп, олардың 99,9%-ы қанағаттандырылған. Сондай-ақ, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 95 шетелдік мекеме «е-Otinish» жүйесіне қосылған.

Жиында дипломатиялық қызметке қатысты заңнамалық өзгерістер қаралып, заң қызметі және халықаралық құқық департаменттерінің өкілдері өз есептерін ұсынды. Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Кездесу соңында қоғам белсенділері министрліктің түрлі бағыттағы қызметін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

 

Бақытжан Бекболат

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар