....

....

сәрсенбі, 28 ақпан, 2024 5:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Өскемен тұрғыны темекі шегемін деп пәтерін өртеп алды

Өскемен тұрғыны темекі шегемін деп пәтерін өртеп алды
ашық дереккөзі
Өскемен тұрғыны темекі шегемін деп пәтерін өртеп алды
Өскемен қаласының тұрғыны темекі шегемін деп пәтерін өртеп алды, деп хабарлайды Kazinform. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 қарашада түнгі сағат 3.00 шамасында Гоголь көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны жайлы хабар түскен. «Белгілі болғандай, 2-қабаттағы пәтер өртенді. ТЖД қызметкерлері жедел түрде баспалдақпен 5 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Содан кейін үш иінді сатыны орнатып, терезе арқылы пәтер иесін құтқарды. Көп ұзамай өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылының арқасында жалпы ауданы 20 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды», - делінген ақпаратта.  Қызыл жалынмен күреске барлығы жеке құрамнан 13 адам мен 4 техника тартылған. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері тұрғындарды тексеріп, уақтылы алғашқы көмек көрсетті. Алдын ала дерек бойынша өрттің шығуына – пәтер иесінің темекі шегу кезіндегі абайсыздығы себеп болған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар