жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 0:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әскерде комаға түскен Ербаян Мұхтар емін Түркияда жалғастырады

Әскерде комаға түскен Ербаян Мұхтар емін Түркияда жалғастырады
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Жоспар бойынша Ербаян ата-анасымен Ыстамбұлға ертең ұшуы тиіс

Әскерде жарақат алып, комаға түскен Ербаян Мұхтарды ертең ата-анасы Түркияға ұшақпен әкетеді. Бұл туралы сарбаздың желідегі ресми парақшасына оның туыс ағасы жазды деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Желіде жазылғандай, Ербаян Мұхтардың емі Ыстамбұлда жалғасады.

Сарбазды Түркияға жеткізу үшін мемлекет арнайы борт шығарған. Түркияға арнайы борт Әзербайжан мен Армения арқылы ұшады. Әзербайжан тарапы рұқсат берген. Енді Армения тарапы рұқсат беруі тиіс. 

Ербаянның ағасының айтуынша, қазіргі уақытта Армения мемлекетінен жауап күтіліп отыр.

Айта кетейік, халық Ербаян Мұхтардың еміне қомақты ақша жинаған болатын. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар