Әскерде жүріп мүгедек болып қалған Ербаян Мұхтар Түркиядан Қазақстанға оралды
- авторjambylinfo.kz
- 28 қаңтар, 2025
- 116
Әскерде азаматтық борышын өтеп жүріп басынан ауыр соққы алып, төсек тартып қалған Ербаян Мұхтардың Стамбұлдағы емінің бірінші кезең аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"Ербаянның басына жасалған отадан кейін толыққанды реабилитация бастау үшін оның ағзасы біраз уақыт демалуы керек екен. Көктемде ол Түркияға қайта ұшып, екінші кезең – реабилитацияны бастайды. Жуырда Ербаянның ата-анасы бірінші кезеңдегі емге кеткен қаржы бойынша есеп береді" деді ол желідегі парақшасында.
Ербаян Мұхтарды ата-анасы былтыр қыркүйекте Түркияға емдетуге алып кеткен еді. Инга Иманбайдың мәліметінше, Стамбұлда Ербаянның басына ота жасалып, инфекциядан толық арылған, бұдан бөлек, салмақ қосып, роботтың көмегімен қимылдай бастаған, өзі аздап тамақ ішетін жағдайға келген.
Заңды өкілінің хабарлауынша, Ербаян ісі әлі тергеу сатысында тұр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз